Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қоғамда заңға құрмет, тәртіп және адал еңбек құндылықтарын нығайту қажеттігін атап өтті. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Мемлекет басшысының айтуынша, реформалардың нәтижелі болуы үшін заңдарды жетілдірумен қатар, қоғамдық сана да жаңғыруы керек. Осы орайда ол «Адал азамат» идеологиясын қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру маңызды екенін жеткізді.
Тоқаев отаншылдықты заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну және ел игілігі үшін табанды еңбек ету ұғымдарымен байланыстырды. Сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматтың дамуына мүмкіндік беретін, бірлігі бекем әрі әділетті мемлекет болуы керектігін айтты.
Президент білім мен ғылымның, инновациялар мен жасанды интеллектінің қазіргі заманғы даму үшін маңызын да атап өтті. Оның сөзінше, елге білікті ғалымдар, кәсіби инженерлер, ұстаздар мен дәрігерлер қажет.