Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әлемдегі тұрақсыздық, халықаралық құқықтың әлсіреуі және мемлекеттер арасындағы сенім дағдарысы туралы айтты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Мемлекет басшысының сөзінше, тәуелсіздік пен егемендікті қорғауға қатысты бірқатар мәселе әлі де өзекті. Осыған байланысты елдің алдында маңызды міндеттер тұр.
Тоқаев реформаларды жүзеге асыру үшін қоғамдағы бірлік пен келісімнің маңызын атап өтті. Сондай-ақ қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында талап пен тәртіпке басымдық беру қажеттігін жеткізді.
Президент халықаралық қатынастардағы өзара сенімнің төмендеуіне, бақылаусыз көші-қонның күшеюіне, БҰҰ беделінің әлсіреуіне және халықаралық құқық құндылығының төмендеуіне назар аударды. Оның пікірінше, әлем күрделі әрі болжап білу қиын кезеңге қадам басты.