Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев әлеуметтік көмек жүйесін өзгертуде асығыстыққа жол бермеуді тапсырды

Малика Хамит
Тоқаев әлеуметтік көмек жүйесін өзгертуде асығыстыққа жол бермеуді тапсырды

Мемлекет басшысы мемлекеттік әлеуметтік көмекті бөлу кезінде мұқият болу керегін айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оның сөзінше, қолдау шынымен көмекке мұқтаж азаматтарға ғана көрсетілуге тиіс.

Президенттің айтуынша, әлеуметтік көмек жүйесін өзгерту кезінде халықтың жағдайын ескеру маңызды. Қазір қоғамда бұл мәселеге қатысты қызу талқылау жүріп жатыр. Сондықтан кез келген реформаны асығыс қабылдамай, жан-жақты сараптап, ықтимал салдарын алдын ала бағалау қажет.

Тоқаев жаңа әлеуметтік қолдау тетіктері мен оларды іске асыратын ақпараттық жүйелерді де мұқият тексеруді тапсырды. Алдымен жобаларды пилоттық режимде сынақтан өткізіп, тиімділігі дәлелденгеннен кейін ғана кеңінен енгізу керек екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы әлеуметтік саясаттың басты мақсаты азаматтарды жәрдемақыға тәуелді ету емес, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру екенін айтты.

Сондай-ақ ол адам капиталын дамытуға және өскелең ұрпақтың жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасауға басымдық беру қажет екенін жеткізді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp