Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Алжир Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

Бақытжан Мұса
Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Әбделмәжид Теббунға ұлттық мереке – Революция күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Құттықтау хатында Қазақстан Президенті екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да халықтардың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунға жауапты қызметіне табыс, ал Алжир халқына құт-береке мен бақ-дәулет тіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp