Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев атом энергетикасын дамыту бойынша тапсырмалар берді

Бақытжан Мұса
Ақорда
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Кездесуде атом өнеркәсібін дамыту, атом электр станциясының құрылысы, ядролық қауіпсіздік және салаға маман даярлау мәселелері талқыланды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына агенттіктің 2026 жылы атқарған жұмысының негізгі нәтижелері таныстырылды. Сондай-ақ атом энергетикасы саласындағы жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берілді.

Атап айтқанда, атом электр станциясының құрылысы, атом ғылымы мен инновацияларды дамыту, білікті мамандар даярлау және жобалардағы отандық үлесті арттыру мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және ядролық әрі радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны нығайту мәселелері қаралды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық атом энергетикасын дамыту мәселелерін тұрақты бақылауда ұстауды және Атом саласын дамыту стратегиясында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті шараларды уақтылы қабылдауды тапсырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp