Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктерді ауыл шаруашылығын қаржыландыруға белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Оның айтуынша, фермерлерге несие беру шарттары жеңілдетіліп, қарызды өтеу мерзімі өндіріс цикліне сай болуы керек.
Мемлекет басшысы шаруалардың өнім жинай салысымен алғашқы несие төлемін жабу үшін егінін арзан бағаға сатуға мәжбүр болатынын атап өтті. Сондықтан инвестициялық кезеңде негізгі қарызды өтеуді кейінге шегеру мүмкіндігін қарастыру қажет.
Тоқаев Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне бұл мәселені шешуді тапсырды.
Сонымен қатар Президент ауыл шаруашылығына бөлінетін мемлекеттік қаражат мақсатты әрі тиімді жұмсалуы керектігін ескертті.