Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев биоалуантүрлілікті сақтау үшін жасанды интеллектіні қолдануды ұсынды

Бақытжан Мұса 16 қаралым
Ақорда
Ақорда

Тоқаев биоалуантүрлілікті сақтау үшін жасанды интеллектіні қолдануды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биоалуантүрлілікті сақтау және табиғи ресурстарды тиімді басқару үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен қолданудың маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы Астанадағы Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығын осы бағыттағы ғылыми зерттеулер мен мамандар даярлауға пайдалануды ұсынды. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Президенттің айтуынша, цифрлық технологиялар экожүйелерді бақылауға, экологиялық қауіп-қатерлерді алдын ала болжауға және табиғи ресурстарды басқару тәсілдерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін жасанды интеллектіні дамыту мен цифрлық трансформация ұлттық басымдық болып саналады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Биоалуантүрлілік жөніндегі конвенция Хатшылығының өңірлік кеңсесін Алматыда орналастыруды ұсынды.

Мемлекет басшысының пікірінше, бұл кеңсе Орталық Азия елдеріне Куньмин-Монреаль жаһандық негіздемелік бағдарламасын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, ғылыми тәжірибе алмасуға және табиғатты қорғау саласындағы бірлескен жобаларды дамытуға ықпал етеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp