Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Данияның Сыртқы істер министрімен кездесті

Бақытжан Мұса 60 қаралым
Ақорда
Ақорда

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Данияны Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропалық одақтағы сенімді серіктесі ретінде атап өтті. Келесі жылы Қазақстан мен Дания арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толатынын айтты.

– Біз Данияны Еуропаның беделді әрі ықпалды мемлекеті және сенімді серіктес ретінде қарастырамыз. Екіжақты ынтымақтастығымыздың әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Осы мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін тараптар белсенді әрі мақсатты жұмыс істеуі қажет, – деді Президент.

Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың оң қарқыны атап өтілді. Мемлекет басшысы өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүмкіндік бар екенін айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Carlsberg компаниясының Алматы облысында ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқанын құптады. Президент компанияның Қазақстандағы тамақ өнеркәсібінің дамуына қосып отырған үлесін атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp