Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Мәскеуге барады

Малика Хамит
Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Мәскеуге барады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25-26 қараша күндері Ресей астанасы Мәскеуге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен сапарға аттанады.

Мәскеуде екі ел басшылары кездесіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары сөз болады.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp