Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-пен екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздердегі арнайы өкілі Ержан Қазыханды қабылдады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Кездесу барысында алдағы маңызды сапарға дайындық мәселесі талқыланды. Ержан Қазыхан Президентке Дональд Трамптың шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Майамиге жоспарланған сапардың ұйымдастыру жұмыстары туралы баяндады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға басымдық беріп, осы бағытта нақты міндеттер жүктеді.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.