Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Германия басшылығын Бірлік күнімен құттықтады

Бақытжан Мұса 40 қаралым
Freepik.com
Freepik.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мен Федералдық Канцлер Фридрих Мерцті Германияның ұлттық мерекесі – Германия бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Президент бұл күн Германияның табандылығы мен жасампаз күш-қуатын және елдің өркендеу жолындағы ұмтылысын білдіретін айтулы мереке екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жасаған ресми сапары кезінде көрсетілген жылы қабылдау мен қонақжайлық үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ сапар барысында өткен келіссөздердің нәтижесін жоғары бағалады.

Мемлекет басшысының айтуынша, Берлинде қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейтіп, басым салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен Фридрих Мерцке мемлекеттік қызметтеріне табыс, ал Германия халқына бақ-береке тіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp