Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Сапар Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен өтіп жатыр.
Мемлекет басшысы Берлинде Франк-Вальтер Штайнмайермен және Германияның Федералдық канцлері Фридрих Мерцпен келіссөздер өткізеді. Кездесулерде Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.
Сондай-ақ Тоқаев Мюнхен қаласына барып, Германияның ірі компанияларының, қаржы және ғылыми ұйымдарының басшыларымен кездеседі. Жоғары оқу орындарының ректорларымен де пікір алмасу жоспарланған.
Бұдан бөлек, Президент Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.