Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасына жұмсалатын қаржыны бақылауды күшейтуді тапсырды

Бақытжан Мұса
 Сурет: ЖИ
Сурет: ЖИ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыру кезінде бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қадағалайтын мемлекеттік комиссия құруды ұсынды. Бұл туралы Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, дейді Qandastar.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, комиссия құрамына салалық мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай мен мәслихат депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер және журналистер кіруі тиіс.

Президенттің пікірінше, мұндай комиссия бағдарламаны жүзеге асыру барысында қаржының жұмсалуын қатаң бақылауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасын 28 қазандағы дәстүрлі Жолдауында көтерген болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp