Тоқаев Израиль Президентімен екіжақты ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VII саммиті аясында Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогтің сәуір айында Астанаға жасаған сапары екі ел арасындағы байланысты нығайтуға серпін бергенін атап өтті. Өз кезегінде Израиль Президенті Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктерін жоғары бағалап, екіжақты ықпалдастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік бар екенін айтты.
Сонымен қатар Ицхак Герцог Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, бұл қадамның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызын атап өтті.
Кездесу кезінде тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуалды да талқылады. Қазақстан Президенті шиеленісті бәсеңдетіп, қақтығыстарды дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігін жеткізді.