Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Корея Президентін Ұлттық күнімен құттықтады

Бақытжан Мұса 52 қаралым
Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Ұлттық күніне орай Президент Ли Чжэ Мёңге құттықтау жеделхатын жолдады. Президент екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында корей халқының тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ынтымағын дәріптейтін бұл күннің маңызына тоқталды.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Корея арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ жақында Сеулге жасаған сапары барысында екіжақты қарым-қатынастарды болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру туралы шешім қабылданғанын айтты.

Президент бұл шешім қазақ-корей ынтымақтастығын одан әрі дамытуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңге жауапты қызметіне табыс, ал Корея халқына өркендеу мен бақ-береке тіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp