Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram-арнасы хабарлады.
Президент тиісті шешім қабылдамас бұрын Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізген.
Жарлыққа сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, сондай-ақ оны дайындау және өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру тапсырылды.
Құжат жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.