Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев мемлекеттік аппаратты қағазбастылықтан арылтуды тапсырды

Малика Хамит
Тоқаев мемлекеттік аппаратты қағазбастылықтан арылтуды тапсырды

Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған кешенді жоспар әзірленеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Президент Әкімшілігі бұл құжатты 2027 жылғы 1 маусымға дейін ұсынуы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы мәлімдеді.

Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік аппараттағы артық рәсімдер мен қағазбастылықты жойып, басқару жүйесінің жұмысын жеңілдету қажет. Ол үшін қайталанатын міндеттер мен мекемелер арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтап, оларды жасанды интеллект көмегімен шешу ұсынылды.

Президент мемлекеттік органдардың жұмысын шешім қабылдауға кедергі келтіретін артық рәсімдерден арылту керегін атап өтті. Оның пікірінше, мемлекеттік қызметшілер де кәсіби біліктілігін арттырып, халық пен елге адал қызмет етуге тиіс.

Сонымен қатар Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа әдеп қағидаттарын әзірлеуді ұсынды. Ол мемлекеттік басқаруда жекелеген өзгерістермен шектелмей, нақты әрі жүйелі реформа жүргізу қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы реформаны формалды түрде жүзеге асыруға жол бермеу керегін ескертіп, өзгерістер құқықтық және қаржылық шараларды талап ететінін жеткізді.

Президенттің сөзінше, мемлекеттік басқару жүйесі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіге негізделген жаңа экономиканың талаптарына бейімделуі керек.

Бөлісу: Telegram WhatsApp