Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін реформалайтын комиссияның құрамын бекітті

Малика Хамит
Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін реформалайтын комиссияның құрамын бекітті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға қатысты жаңа жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Құжатқа сәйкес, Мемлекет басшысы жанындағы мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді.

Жаңа комиссия мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындап, оны реформалаудың тиімді жолдарын ұсынумен айналысады. Сондай-ақ еліміздегі мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеуге қатысады.

Комиссияның жұмысын Қазақстанның Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі үйлестіреді.

Оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары мен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері енген. Қажет болған жағдайда комиссия отырыстарына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін.

Жарлық «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» деп аталады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp