Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Нигерия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бақытжан Мұса 16 қаралым
Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президенті Бола Ахмед Тинубуға елдің Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады., деп хабарлайды Qandastar.kz.

Құттықтау жеделхатында Қазақстан Президенті Нигерияны Африкадағы сенімді серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы саяси диалогты одан әрі нығайтуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға Қазақстанның мүдделі екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Нигерия Президентіне жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Нигерия халқына бейбітшілік, тұрақтылық және бақ-береке тіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp