Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерияның Ондо штатында әскери ұшақтың апатқа ұшырап, адам қазасына әкелген қайғылы оқиғаға байланысты Нигерия Президенті Бола Ахмед Тинубуға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.
Мемлекет басшысы жеделхатында қаза тапқандардың жақындары мен отбасыларына көңіл айтып, олардың қайғысына ортақ екенін жеткізді.