Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Орталық Азия елдері арасындағы сауданы $20 млрд-қа жеткізуді ұсынды

Малика Хамит 65 қаралым
Тоқаев Орталық Азия елдері арасындағы сауданы $20 млрд-қа жеткізуді ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIII Консультативтік кездесуінде өңірдегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, өткен жылы өңір ішіндегі сауда көлемі шамамен 13 млрд долларды құраған. Бұл елдердің жалпы тауар айналымының небәрі 8 пайызына жуық.

Тоқаев бұл көрсеткішті арттыру үшін үкіметтерге бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеуді ұсынып, өзара сауда көлемін кемінде 20 млрд долларға жеткізу қажеттігін айтты.

Президенттің пікірінше, өнеркәсіп, машина жасау, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобалар саны артып келеді. Сонымен қатар шекарадағы өткізу бекеттері көбейіп, автомобиль және теміржол қатынасы кеңейіп жатыр.

Тоқаев өңір қауіпсіздігіне де назар аударды. Ол терроризм, есірткі саудасы, заңсыз көші-қон, ұйымдасқан қылмыс және киберқауіптерге қарсы бірлескен іс-қимылды күшейту маңызды екенін атап өтті.

Мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселесі де көтерілді. Президент жастар, жоғары оқу орындары мен ғылыми қауымдастық арасындағы байланысты күшейтуді ұсынды.

Сондай-ақ Қазақстан Silk Way телеарнасының жанынан өңірлік телеарна ашу бастамасын көтерді. Президенттің айтуынша, бұл ортақ ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp