Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев пен Рахмон екі ел арасындағы ынтымақтастықты талқылады

Бақытжан Мұса
Ақорда
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз өткізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін атап өтіп, өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру мен қол жеткізілген уағдаластықтарды орындаудың маңызын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының тәжік халқына ерекше құрметпен қарайтынын жеткізді. Сондай-ақ Эмомали Рахмонның басшылығымен Тәжікстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен ел экономикасының тұрақты өсімін атап өтті.

Президенттің айтуынша, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жаңа мүмкіндіктерді іске асыруға басымдық беріледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp