Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.
Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, оған жауапты мемлекеттік қызметінде табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің дамуы мен халқының әл-ауқатын арттыру жолындағы Путиннің еңбегін атап өтті.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті оның Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесіне тоқталды.
Тараптар алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін де қарастырды.