Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Қарулы Күштердің әзірлігі мен бюджет шығынын бақылауға алуды тапсырды

Малика Хамит 14 қаралым
Тоқаев Қарулы Күштердің әзірлігі мен бюджет шығынын бақылауға алуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы Айтқұрман Омарбековті және министрдің орынбасары Татьяна Савельеваны қабылдады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Кездесуде Қазақстан армиясының жауынгерлік әзірлігі, әскери дайындық және әскерді қаржыландыру мәселелері талқыланды.

Әскери басшылық Президентке Қарулы күштердің қазіргі жағдайы, сарбаздардың даярлығы, әскерді жұмылдыруға дайындық және қорғаныс ведомствосы бюджетінің орындалуы туралы есеп берді.

Сонымен қатар армияның қажеттіліктерін қаржыландыру, әскери инфрақұрылымды дамыту және бөлінген қаражатты тиімді пайдалану мәселелері қаралды.

Әскерді басқару жүйесін жетілдіруге, шешім қабылдау жылдамдығын арттыруға, әскери резервті даярлауға және жұмылдыру жоспарын пысықтауға да назар аударылды.

Кездесу соңында Тоқаев бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін жоғары деңгейде ұстау, армияның негізгі қажеттіліктерін қаржыландыру және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану міндеттері жүктелді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp