Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің тәуелсіздік жылдарындағы тарихи кезеңдеріне тоқталып, Конституцияның мемлекет дамуы үшін маңызын атап өтті. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Мемлекет басшысының айтуынша, биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 35 жыл толып жатыр. Сондай-ақ ол 25 қазанда атап өтілген Республика күні мен Егемендік туралы декларацияның қабылдануын ел тарихындағы маңызды оқиғалар ретінде атады.
Президент Конституцияны бірнеше ұрпақ арасындағы қастерлі келісім деп сипаттады. Оның сөзінше, негізгі заң елдің қазіргі болмысын және болашақ даму бағытын айқындайды.
Тоқаев Конституцияның 1 шілдеде заңды күшіне енгенін айтып, бұл өзгерістер саяси жүйені жаңғыртуға және жаңа билік институттарын қалыптастыруға серпін бергенін жеткізді.