Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Бақытжан Мұса
Ақорда
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы құттықтауында елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне тоқталып, Қазақстанның болашақтағы даму бағыттарын атап өтті. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Президенттің айтуынша, Республика күні – қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке. Егемендік жылдарында Қазақстан көптеген сын-қатерді еңсеріп, экономикасы дамыған, халықаралық аренада беделі бар мемлекетке айналды.

Мемлекет басшысы еліміздің алдағы мақсаты – мемлекеттік институттары мықты, адам капиталы сапалы, жаһандық бәсекеге қабілетті және озық технологияларды меңгерген мемлекет құру екенін жеткізді.

Сондай-ақ Конституцияның күшіне енуі елдің саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік салаларындағы өзгерістерге серпін бергенін атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстанда заманауи өндіріс орындары ашылып, инфрақұрылым жаңғыртылып, мектептер мен ауруханалар сияқты әлеуметтік нысандар салынуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда заң мен тәртіпті сақтау, адал еңбек, жауапкершілік, отаншылдық, бірлік пен келісім құндылықтарын дәріптеудің маңызын атап өтті.

Президент құттықтауын елдің амандығы мен бірлігін тілеп, Көк байрақтың әрдайым биікте желбіреуіне ниет білдірумен аяқтады.

Республика күні құтты болсын!

Бөлісу: Telegram WhatsApp