Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Қазақстанның болашағын талқылайтын сарапшылар тобын бекітті

Малика Хамит
Тоқаев Қазақстанның болашағын талқылайтын сарапшылар тобын бекітті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұзақмерзімді даму бағытын айқындауға қатысатын сараптама тобының құрамын бекітті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Жаңа топ елдің болашақ даму басымдықтарын талдап, маңызды стратегиялық шешімдерге қатысты ұсыныстар әзірлейді. Сондай-ақ әлеуметтік зерттеулер мен ұзақмерзімді болжамдардың нәтижелерін талқылайды.

Сараптама тобы Президент жанындағы консультативтік орган ретінде жұмыс істейді. Оның отырыстары кемінде айына бір рет өтеді.

Ал топтың жұмысын Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты үйлестіреді. Отырыстарға мемлекеттік органдармен қатар ғалымдар, кәсіпкерлер, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері де қатыса алады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp