Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Ресеймен байланыста Солтүстік - Оңтүстік бағытының маңызын атап өтті

Малика Хамит 21 қаралым
Тоқаев Ресеймен байланыста Солтүстік - Оңтүстік бағытының маңызын атап өтті

Қазақстан Ресеймен көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән береді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік - Оңтүстік көлік бағытының Қазақстан үшін өзекті екенін айтты.

Президенттің сөзінше, Қазақстан көлік инфрақұрылымын жаңғыртып, халықаралық тасымал мүмкіндіктерін кеңейтіп келеді. Бұл өңір елдері арасындағы сауда байланысын нығайтып, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

«Ресеймен ынтымақтастық тұрғысынан Солтүстік - Оңтүстік бағыты да Қазақстан үшін өзекті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қытайды Каспий теңізі арқылы Еуропа нарығымен байланыстыратын Арал - Каспий магистралінің құрылысы басталғанын атап өтті. Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға да ерекше назар аударылып отыр. Президент соңғы жылдары Орта дәлізге деген сұраныс артып келе жатқанын жеткізді.

Бұдан бөлек, Мойынты - Қызылжар және Дарбаза - Мақтаарал теміржол желілерінің құрылысы аяқталуға жақын. Ал Бақты - Аягөз бағытын келесі жылы ашу жоспарланған.

Тоқаевтың айтуынша, өңірдегі сауда-логистика кешендері мен өнеркәсіптік кооперация орталықтарын өзара байланыстыру қосылған құны жоғары өнім өндіруге және елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге жол ашады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp