Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Салтанатты рәсім барысында Құрмет қарауылы ротасының бастығы Мемлекет басшысына рапорт берді. Одан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.
Мемлекеттік ту көтеру рәсімі Республика күніне орай Қазақстанның барлық өңірінде жалғасады.
Айта кетейік, Республика күні жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі. Бұл мереке еліміздің мемлекеттілігі мен егемендігінің символы саналады.