Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

Бақытжан Мұса 18 қаралым
Ақорда
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясы экологиялық тазалық аясынан шығып, азаматтардың дүниетанымы мен өмір салтына ықпал ететін жалпыұлттық идеологияға айналып келе жатқанын айтты. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның бірегей биоалуантүрлілігін сақтау – азаматтардың ортақ борышы әрі халықаралық қоғамдастық алдындағы жауапкершілігі.

Президент бұл құндылықтар елдің жаңа Конституциясында көрініс тапқанын атап өтті. Оның сөзінше, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру мемлекеттіліктің негізін құрайтын қағидаттардың бірі ретінде бекітілген. Сонымен қатар азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің маңызды мақсаттарының бірі болып белгіленген.

Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи байлықтарды сақтау экономикалық дамумен қатар жүруі қажет екенін айтты. Осы тұрғыда «Таза Қазақстан» акциясы қоғамда табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп келеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp