Түркия астанасы Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясындағы бейресми кездесу кезінде АҚШ Президенті Дональд Трамп Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанға телефон арқылы хабарласты. Осы сәтте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әзіл аралас пікір білдіріп, жиналған мемлекет басшыларын күлдірді. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Телефон арқылы сөйлесу аяқталған соң Дональд Трамп кездесуге қатысқан мемлекет басшыларына жылы лебізін жеткізді. Бұған жауап ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Бізді Қытай басшысы жақсы көреді, Ресейдің басшысы да жақсы көреді. Бірақ ең үлкен, ең маңызды мәселе — Түркияның Президенті бізді жақсы көреді», – деді.
Мемлекет басшысының бұл сөзі Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатын да аңғартады. Қазақстан Қытай, Ресей, АҚШ және Түркиямен достық әрі өзара тиімді әріптестік қатынастарды дамытуға басымдық береді.
Еліміздің сыртқы саясаттағы негізгі ұстанымы – халықаралық аренада теңгерімді байланыс орнатып, барлық серіктеспен өзара құрмет пен ынтымақтастықты нығайту.