Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Президент Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жылы қабылдауы мен қонақжайлығы үшін Түрікменстан Президентіне алғыс білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген байланыстардың жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Тараптар екі ел арасындағы ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика бар екенін айтты. Кездесуде бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы және энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік салаларындағы бірлескен жобалар талқыланды.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейту мәселесіне назар аударып, алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін қарастырды.