Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 қазан күндері Түрікменстанның Аваза қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Сапар Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен ұйымдастырылып отыр.
Мемлекет басшысы сапар барысында бірден бірнеше маңызды халықаралық жиынға қатысады. Атап айтқанда, Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысу жоспарланған.