Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Мемлекет басшысын әуежайдан Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.
Президенттің сапары 8-9 қазан күндері Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен өтеді.
Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды халықаралық кездесуге қатысады. Атап айтқанда, ол:
- Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне;
- ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына;
- Каспий экология саммитіне қатысады.
Кездесулерде өңірлік ынтымақтастық, өзара байланыстарды дамыту және Каспий теңізінің экологиялық мәселелері талқыланады.