Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Түркияға барады: Анкарада маңызды саммит өтеді

Малика Хамит
Тоқаев Түркияға барады: Анкарада маңызды саммит өтеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанда Түркияға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Ердоғанның айтуынша, сәрсенбі күні Анкарада Қазақстан басшысын қабылдап, Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуын атап өтеді.

Ал 30 қазанда Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммиті өтеді. Түркия көшбасшысы бұл кездесудің түркі әлеміндегі ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Түркі әлеміндегі мызғымас бауырластықты бұзуға тырысатындарға қарсы бірлік пен ынтымақтастық танытамыз деп сенемін», – деді Ердоған әлеуметтік желідегі жазбасында.

Айта кетейік, биыл мамырда Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Кездесу барысында екі ел басшылары экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған болатын.

Ал тамыз айында өткен телефон әңгімесі кезінде Тоқаев Ердоғанның Түркияда өтетін жоғары деңгейдегі кездесулерге қатысу туралы шақыруын қабылдаған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp