Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев World Aquatics президентімен кездесті

Бақытжан Мұса 9 қаралым
Ақорда
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics халықаралық су спорты федерациясының президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесіп, еліміздегі су спортының дамуы мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық ұйымның Қазақстанның су спорты түрлері федерациясына көрсетіп келе жатқан қолдауын жоғары бағалап, өзара серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың су спортына қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ отандық спортшылардың Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында ел намысын лайықты қорғап жүргеніне тоқталды.

Президент Дмитрий Баландиннің Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарындағы тарихи жеңісін және Әділбек Мусиннің 2022 жылғы Азия ойындарында қола медаль иеленгенін еске салды.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге қажетті жағдай жасалып жатыр. Бұл ретте спорт инфрақұрылымын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінуде.

Өз кезегінде Хусейн Әл-Мусаллам қазақстандық спортшылардың жетістіктері мен биылғы ХХ жазғы Азия ойындарында көрсеткен шеберлігі елдің спорт саласын дамыту әлеуеті жоғары екенін көрсететінін атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp