Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаевтың саясаты Қазақстанды қалай өзгертті? Неміс сарапшылары талдау жасады

Малика Хамит 58 қаралым
Тоқаевтың саясаты Қазақстанды қалай өзгертті? Неміс сарапшылары талдау жасады

Қазақстан Орталық Азиядағы экономикалық ықпалы артып келе жатқан мемлекеттердің біріне айналып отыр, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Немістің Berlin Today басылымы ел экономикасының дамуына әсер етіп жатқан негізгі факторларға талдау жасап, Қазақстанның инвестиция тартудағы жаңа мүмкіндіктерін атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, соңғы жылдары Қазақстанның экономикалық саясатында шетелдік капитал тартуға ерекше мән беріліп келеді. Инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау мемлекет басымдықтарының біріне айналған.

Оның нәтижесі инвестиция көлемінен де көрінеді. 2025 жылы Қазақстанға 20,5 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,4%-ға жоғары.

Бұған дейін ел экономикасында мұнай, газ, уран және металл салалары негізгі инвестициялық бағыт саналып келсе, қазір инвесторлардың қызығушылығы өндіріс, көлік, логистика және өңдеу өнеркәсібіне де ауысып жатыр.

Қазақстанның басты артықшылығы неде?

Berlin Today Қазақстанның әлеуетін тек табиғи ресурстармен байланыстыруға болмайтынын атап өтеді. Елдің маңызды артықшылықтарының бірі – географиялық орналасуы.

Қазақстан Азия мен Еуропаны байланыстыратын көлік бағыттарының бойында орналасқан. Әлемдік саудадағы логистикалық тізбектер өзгеріп жатқан кезеңде бұл фактордың маңызы артып келеді.

Сондықтан Қазақстан көлік инфрақұрылымын дамыту арқылы жаңа өндірістер мен халықаралық компанияларды тартуға ұмтылып отыр. Бұл елдің транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, жаңа инвестиция, технология және жұмыс орындарын тартуға мүмкіндік береді.

Яғни Қазақстан экономикасының келесі кезеңі тек шикізат өндіруге емес, өндіріс, логистика, өңдеу және халықаралық сауда тізбектеріне тереңірек кірігуге бағытталуы мүмкін.

Неміс сарапшыларының талдауынша, дәл осы факторлар Қазақстанның Орталық Азиядағы экономикалық рөлін одан әрі күшейтуі ықтимал.

Бөлісу: Telegram WhatsApp