Мазмұнға өту
qandastar.

Төреғали Төреәлінің концерттік қызметі уақытша тоқтатылды

Бақытжан Мұса · · 93 қаралым
Төреғали Төреәлінің концерттік қызметі уақытша тоқтатылды

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің концерттік және гастрольдік қызметі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы продюсер Жан Мұқанов мәлімдеді, дейді Qandastar.kz.

Оның айтуынша, шешім Павлодар қаласындағы ипподромның ресми ашылу рәсімінде әншінің алдын ала келісілген міндеттемелерді орындамауына байланысты қабылданған. Осыған орай Алматы қаласы күніне жоспарланған концерттер мен күз мезгілінде өтуі тиіс халықаралық гастрольдік тур тоқтатылды.

Продюсердің хабарлауынша, арнайы шешім шыққанға дейін Төреғали Төреәлі концерттерге, жеке мерекелік шараларға және өзге де сахналық іс-шараларға қатыспайды.

Сонымен қатар Жан Мұқанов Павлодар облысы мен қаласының әкімдігіне, Мәдениет басқармасына, ұйымдастырушылар мен көрермендерге туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, келтірілген шығындардың өтелуі бойынша жұмыстар басталғанын жеткізді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp