Мазмұнға өту
qandastar.

Төреғали Төреәлінің жетінші баласы дүниеге келді

Бақытжан Мұса · · 171 қаралым
Төреғали Төреәлінің жетінші баласы дүниеге келді

Танымал әнші Төреғали Төреәлі жетінші баласының дүниеге келгенін қуанышпен бөлісті. Бұл жаңалықты әншінің өзі және продюсері Жан Мұқанов жариялады, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Әншінің айтуынша, қызы 7 сәуірде кешкі сағат 19:00-де өмірге келген.

«Аллаға шүкір, жетінші перзентіміз дүниеге келді. Бұл – жай ғана жаңалық емес, өмірдің жаңа тынысы, жауапкершіліктің жаңа деңгейі. Бұл жолы келіншегім Толқын төртінші рет кесар тілігі арқылы босанды. Шынымды айтсам, қатты уайымдадым. Бірақ ер адам ретінде тек сырттай қарап тұрумен шектелмей, осы сәттің ішінде болуды таңдадым», – деп бөлісті Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында.

Әнші қызы Мәриәмді алғаш болып өз қолына алды. «Ота үстінде болып, бәрін бақылау оңай емес. Бірақ сол сәт… қорқыныш та, ауырлық та жоқ сияқты, тек өмірдің жаңа бастауы мен Алланың құдіретін сезу ғана», – деді әнші.

Жаңа туған нәрестеге Мәриәм деп ат қойылды. Бұл есімді нағашы атасы мен апасы ырымдап ұсынған.

Продюсері Жан Мұқанов пен отбасы да қуанышты сәтте бірге болды. «Мәриәм, сенің келуің – мен үшін үлкен қуаныш. Енді мен тек әке ғана емес, жеті баланың алдында жауапты адаммын. Жолың жарық болсын, өмірің нұрлы болсын. Әкең әрдайым жаныңда», – деді Төреғали Төреәлі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp