Қостанай облысында алимент қарызы 9 млн теңгеден асқан ер адам жеке сот орындаушысына пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Сот оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Оқиға биыл ақпан айында болған. Ер адам алимент өндіру ісіне байланысты жеке сот орындаушысына шабуыл жасап, оның бетінің сол жағына пышақпен төрт рет жарақат салған.
Іс Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралды. Сотталушы орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді.
Бұдан бөлек, ол жәбірленушіге 10 млн теңге моральдық зиян, 215 мың теңгеден астам материалдық шығын және 400 мың теңге адвокат шығынын өтеуге міндеттелді.
Осылайша, 9 млн теңгеден асқан алимент қарызы үшін басталған дау ер адамға 15 жылдық түрме жазасына және қомақты өтемақы төлеуге әкелді.