Жетісу облысында машинист теміржол бойында жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап, пойызын тоқтатты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға 20 қыркүйекте Сарыөзек – Үштөбе теміржол учаскесінде болған.
Тауарасы – Айнабұлақ аралығымен келе жатқан жүк пойызының машинисі теміржол төсемінің жанында Айнабұлақ станциясына қарай жалғыз бет алған баланы көрген.
Машинист пойыздың жылдамдығын шамамен 38 км/сағ-қа дейін төмендетіп, қызметтік тежеуді қолданып, құрамды тоқтатқан. Кейін баланы локомотив кабинасына отырғызып, болған жағдайды пойыз диспетчеріне хабарлаған.
Баланың қауіпсіздігіне көз жеткізген соң, оны Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырған. Кезекші баланың ата-анасымен байланысқан.
[video width="464" height="848" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/09/VID_20260921_092116_818.mp4"][/video]