Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов ел азаматтарын Республика күнімен құттықтап, құтқару қызметтерінің дайындығын арттыру мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызын атап өтті. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Министрдің айтуынша, Республика күні – ұлттық бірлік пен мемлекеттіліктің символы, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің тұғырын нығайтқан тарихи мереке.
Мұрат Мұханов Қазақстанның жаңғыру мен даму жолында сенімді қадам басып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Адал азамат», «Таза Қазақстан» бастамалары мен «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамда жауапкершілік пен әділдікті нығайтуға бағытталғанын жеткізді.
Министрлік құтқару қызметтерінің дайындығын арттыру, материалдық-техникалық базаны нығайту және халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізіп келеді.
Мұрат Мұханов қызметтік міндеттерін адал атқарып, кәсібилік танытып жүрген министрлік қызметкерлеріне алғыс білдіріп, елдің тыныштығы мен тәуелсіздігінің нығая беруіне тілектестік білдірді.