Ұлттық киім киіп, хорезмдік әуенге билеген апаның өнері әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Әлеуметтік желілерде «Хорезмский тёртқаралардың тойы» деген атаумен тараған бейнежазба көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Мерекелік шарада қонақтар көтеріңкі көңіл күймен бас қосып, тойдың сәнін келтірген ерекше сәттер таспаға түсірілген.
Видеода ұлттық киім киген апаның хорезмдік әуен ырғағымен шебер билегені көрінеді. Оның қимылы мен би мәнері көрермендердің назарын аударды.
Сондай-ақ той жүргізушісі биші апамен әзілдесіп, ортадағы көңілді атмосфераны одан әрі жандандыра түскен.
Бейнежазба қазақы тойлардың думанды сәттерін көрсетіп, әлеуметтік желі қолданушыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.