Шымкентте той қызығына берілген қала тұрғынының әрекеті сотқа ұласты, деп хабарлайды Qandastar.kz.
34 жастағы ер адам мерекелік шара кезінде сыртқа шығып, сигналды тапаншамен аспанға бірнеше рет оқ атқан.
Оның бұл әрекеті айналадағы адамдарға қауіп төндіріп, қоғамдық тыныштықтың бұзылуына себеп болған.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Сонымен қатар оған екі құқықбұзушылық бойынша айыппұл салынды.
Атап айтқанда, түнгі тыныштықты бұзғаны үшін 5 АЕК – 21 625 теңге, ал қаруды қолданғаны үшін 20 АЕК – 86 500 теңге айыппұл қарастырылған.
Осылайша, тойдағы бір сәттік әрекет ер адамға қомақты айыппұл мен бес тәулік қамауға түсуге себеп болды.