Мазмұнға өту
qandastar.

Трамп Иранға қарсы әскери операциялардың аяқталғанын мәлімдеді

Бақытжан Мұса · · 1 074 қаралым
Трамп Иранға қарсы әскери операциялардың аяқталғанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Конгреске Иранға қарсы әскери әрекеттердің аяқталғаны туралы ресми хат жолдады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Трамптың мәліметінше, АҚШ әскері Таяу Шығыста қала береді. Оның айтуынша, бұл қадам Тегеран тарапынан туындауы мүмкін қауіптердің алдын алу мақсатында қажет.

Президент 2026 жылдың 7 сәуірінде екі аптаға атысты тоқтату туралы бұйрық бергенін, кейін бұл режимнің ұзартылғанын атап өтті. Оның сөзінше, 7 сәуірден бері АҚШ пен Иран күштері арасында қақтығыс тіркелмеген, ал 28 ақпанда басталған әскери әрекеттер толық тоқтатылған.

Сонымен қатар, АҚШ қорғаныс министрлігі қажет болған жағдайда аймақтағы күштер тепе-теңдігін сақтап, ықтимал қауіптерге қарсы әрекет етуді жалғастыратыны айтылды. Бұл шаралар АҚШ пен оның одақтастарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Трамптың хатына сәйкес, аймақтағы америкалық әскердің жауынгерлік дайындығына қатысты толық ақпарат құпия қосымшада берілген.

Басылымның мәліметінше, 1973 жылғы Соғыс өкілеттіктері туралы заңға сәйкес, АҚШ президенті Конгрестің рұқсатынсыз шетелде 60 күнге дейін әскери күш қолдана алады. Осы нормаға сай, Трамптың Иранға қатысты әскери өкілеттігі 1 мамырда аяқталған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp