Мазмұнға өту
qandastar.

Трамп Қазақстанды Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады

bahitzhanabzal · · 28 қаралым
Трамп Қазақстанды Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Құттықтау хатында Дональд Трамп 1991 жылы Тәуелсіздік жарияланғаннан бері қазақстандықтардың елдің мәдениеті, тарихи мұрасы мен қайталанбас келбетін сақтап келе жатқанын атап өтті.

Миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етеді
деді Дональд Трамп.

АҚШ Президенті Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын да жеткізді.

Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін
деді ол.

Құттықтау соңында Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевтың көшбасшылығына да тоқталды.

Қазақстан халқының бағына орай, Сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар. Осы қуанышты сәтті сіздермен бөлісу – мен үшін зор мәртебе
деді АҚШ Президенті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp