АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газадағы Бейбітшілік кеңесінің құрамына шақырды. Бұл ақпаратты Qandastar.kz ақпарат порталы Tengrinews сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев әлем көшбасшыларының ішінде алғашқылардың бірі болып аталған кеңеске ресми шақырту алған. Сонымен қатар Қазақстан жаңа халықаралық бірлестіктің құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болуға ұсыныс қабылдаған.
Иә, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Газадағы Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырту алды. Мемлекет басшысы АҚШ президентіне жолдаған жауап хатында көрсетілген сенім үшін шынайы алғысын білдіріп, осы жаңа бірлестіктің жұмысына қатысуға келісімін растады
Айта кетейік, Газадағы Бейбітшілік кеңесі аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге бағытталған халықаралық алаң болмақ.