Мазмұнға өту
qandastar.

Бес күн сәждеге бармағанын жылап айтқан блогердің видеосы желіні шулатты

bahitzhanabzal · · 165 қаралым
Бес күн сәждеге бармағанын жылап айтқан блогердің видеосы желіні шулатты

Фото: инстаграм/ayaasko

Әлеуметтік желілерде блогер Аягөз Асқарованың Аллаға деген махаббатын көз жасымен жеткізген видеосы тарап, қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды qandastar.kz

Асқарова бейнежазбада бес күн бойы сәждеге бара алмағанын «сағыныш» деп сипаттап, бұл уақыт ішінде өзін қатты қиналғанын айтады. Ол Жаратқанға деген махаббатын ашық білдіріп, «маған дүниенің байлығы да, атақ-абырой да қызық емес, тек Алланың разылығы маңызды» деп атап өтті.

Блогердің бұл сөзі көпшілікті бейжай қалдырмады. Желі қолданушыларының бір бөлігі оны шынайы сезімнің көрінісі десе, енді бірі мұндай әрекетті «фанатизм», «рия» немесе «хайп» деп сынға алды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp