Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында түн ортасында болған жанжалға қатысқан бес азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды
порталы.
Полиция бұл оқиға туралы әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба арқылы хабардар болған. Тексеру барысында жанжалдың 4 тамыз күні таңғы сағат 03:50 шамасында Түрксіб ауданындағы тұрғын үй кешенінде болғаны анықталды.
Белгілі болғандай, бір-бірін бұрыннан танитын бес ер адам сөзге келіп қалып, жанжал кезінде айқайлап, былапыт сөздер айтып, айналадағы тұрғындардың тыныштығын бұзған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от АЛМАТИНЕЦ. Таир Жиганбаев (@almatinec_live)
Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысқан барлық азаматтың жеке басын анықтады. Олардың екеуі қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін әкімшілік айыппұл алды. Ал бес азаматтың барлығына қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік материалдар сотқа жолданды.
Алматы қаласының полициясы қоғамдық тәртіпті бұзуға, әсіресе түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге қатысты заң талаптары қатаң қолданылатынын ескертті. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланған бейнематериалдар тұрақты түрде тексеріліп, құқық бұзушыларды анықтауға негіз болатынын мәлімдеді.