Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие. Университет студенттерге бакалавриаттың 28 білім беру бағдарламасы бойынша, магистратураның 18 бағдарламасы бойынша, докторантураның 6 бағдарламасы бойынша 4 факультетте: Экономика, Гуманитарлық-заң, «Сандық технологиялар және өнер» және STEM Ағылшын тіліндегі бағдарламалар факультетінде білім береді. Ректорымыз Алшанов Рахман экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері , Қазақстан Республикасы Экономика ғылымдары академиясының президенті, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің алқа мүшесі. Университте көптеген студенттердің болашағын қамтамасыз еткен ректорлық грант, «Алтын белгі» иегерлеріне, ҰБТ баллына қарай жеңілдіктер бар.
Сондай-ақ университеттің оқу өмірінен тыс толық қанды өмір де бар. Тұранда 20-дан астам студенттік ұйым жұмыс істейді, олар түрлі тақырыптық бағыттармен, көркем қызығушылықтан бастап, ғылыми жобаларды құрумен аяқталады. Әрбір ұйымда өзіндік ерекше шығармашылық атмосфера бар.
Қорытындылай келе, 1992 жылдан бастап университеттің ашылуынан бастап, бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ Қазақстанның көптеген рейтингтерінде өзінің позициясын сақтап келеді.Әлемдік білім беру кеңістігіне бәсекеге университет өзін қабілетті, жоғары сапалы білім мен жеке дамуын қамтамасыз ететін, ғылыми инновациялық зерттеу жұмыстарын іске асыратын, корпоративтік басқарудың тиімді жүйесі бар институт ретінде таныта білді.
Сәлімбек Аққу